Бас тақырып

Аймақта көктайғақ күтіледі

«Қазгидромет» синоптиктері 14 қазанда Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Ortalyq.kz kazhydromet.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет Ever2quest.org.ru

Қарағанды облысының батысында, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде жолдарда көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ал, Астана тұрғындарын көлік жүргізу кезінде абай болуға шақырады. Себебі қалада көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысындағы жолдарда да көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button