Аймақта 5 шағын мектеп жабылмақ

Бұқар жырау ауданында 1 мектеп, Осакаров, Шет аудандарында 2 шағын мектеп бала санының жетіспеуіне байланысты жабылады. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің қатысуымен өткен аппарат жиынында білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова мәлімдеді.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев басқарма басшысына  жабылған мектеп оқушыларының сапалы білім алуына барлық жағдай жасауды,  мұғалімдерді жұмыспен  қамтуды  тапсырды.

– Бұқар жырау ауданына қарасты Бірінші май ауылында былтырғы жылдан бері 4 оқушы ғана оқиды. Олар Тұзды ауылының жалпы білім беретін орта мектебіне орналасады. Осакаров ауданындағы №37 бастауыш мектебінде оқитын 4 оқушы № 12 мектепке ауысып, жаңа оқу жылынан бастап мұғалімдер де сол мектепке жұмысқа орналасатын болады. Сонымен қатар, Сарыөзен ауылындағы № 14 орта мектептегі 22 оқушы Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-интернатында оқиды. Олардың сабаққа күнделікті келіп-кетуі үшін көлік ұйымдастырамыз. Ал, Шет ауданы Тұмсық пен Ақсу ауылдарындағы бастауыш мектепте оқитын оқушылар аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатқа орналысып, мұғалімдері де сол жерге жұмысқа қабылданады, – деді Гүлсім Қожахметова.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.