Білім

Аймақта 17 708 педагог бар

Облыстық білім басқармасының статистикалық мәліметінше, Қарағанды облысының мектептерінде жалпы саны 17 708 мұғалім жұмыс істейді. Ұстаз есімін ұлықтауда әлі де болса әйелдер қауымының саны басымырақ болып қала бермек.

17 708 педагогтің ішінде әйелдер – 15 262, ерлер – 2 446. 3441 мұғалімнің 30 жылдан астам тәжірибесі бар.

Облыс колледждерінде 2097 педагог жұмыс істейді: әйелдер – 1474, ерлер – 623.

Облыста мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері – 3264. Тәрбиеші мамандығын тек нәзік жандылар ғана атқарады екен. Аймақтың балабақшаларында тәрбиеші ер адамдар жоқ.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button