Баспасөз мәслихаты

Аймақ экономикасы алда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық экономика басқармасының басшысы Татьяна Аблаева БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді. Спикер БАҚ өкілдеріне өнеркәсіпті аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы баяндады.

 

– Тоғыз айдың қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткішінде оң динамика байқалды. Өндірілген жалпы өнімнің көлемі 4%-ға өсіп, шамамен 3 трлн. теңгені құрады. Қысқа мерзімде экономикалық индикатор 0,9%-ға артты. Өңдеуші сектор кәсіпорындарының тұрақты жұмысы есебінен өнеркәсіптік өндіріс 1,2%-ға өсіп, 2,7 трлн. теңгеге жетті. Облыстың негізгі капиталына шамамен 462 млрд. теңге инвестиция салынып, өсім 7,9%-ды құрады,– деген басқарма басшысы Т.Аблаева, бұл көрсеткішке кәсіпорындарды жаңғыртуды қаржыландыру және ірі инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде қол жеткенін тілге тиек етті.
Экономикалық өсімнің негізін құраушы салалардағы табысты экономикалық талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы Бексұлтан Игілік талдап айтты.

Аймақ экономикасы мен әлеуметтік әлеуетінің артуына ықпалды саланың бірі – құрылыс. Облыста іске асырылған құрылыс көлемі 242,3 млрд. теңгені құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үй 5,2%-ға өсті. Бұл шамамен 355 шаршы метр немесе 2,7 мың пәтер.
Мал шаруашылығы өнімін өндіруде де едәуір нәтиже бар. Өндірілген өнім көлемі 1,2%-ға ұлғайып, жалпы өнімінің көлемі 0,2%-ға жетті. Яғни, 360,5 млрд. теңгені құрады.

Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік әлеуетін арттыруда кәсіпкерлік саласының маңызы зор. Өзін-өзі жұмыспен қамтитын шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7%-ға артып, жұмыспен қамтылғандардың саны 6,9%-ға, ал өнім шығару 32,3%-ға көтерілді.

Жалпы, облыста міндеттерді жүзеге асыруда «Қарағанды облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары» бар. Бұл жоспар 9 бағытты қамтиды.

Өңірлік дамуды қамтамасыз ету бөліміне облыстың 8 қаласы кіреді. Оның 5-і моноқалалар. Моноқалаларда өнеркәсіп өнімінің 60%-ы өндіріледі, негізгі капиталға салым көлемінің 44%-ы инвестицияланады. Экономиканы әртараптандыру мақсатында 3 мыңға жуық жұмыс орнын құру мақсатында 224,2 млрд. теңгеге 15 зәкірлік жоба іске асырылуда. Облыста шағын және орта бизнесті қолдаудың өңірлік бағдарламасы әзірленді. Ол бірінші кезекте моноқалалардағы бизнес жобаларды жылдық 5% шартпен қолдауға бағытталған. Басым бағыттарға әлеуметтік кәсіпкерлік, креативті бағыттар, туризм және тағы басқалар кіреді. Моноқалалардың әлеуетін дамыту бойынша шаралар қабылдануда. Saran индустриялық аймағында автобус шығаратын өнеркәсіп жұмыс істейді. KamaTyres автомобиль шиналарын шығаратын зауыттың құрылысы жүргізілуде және тұрмыстық техника шығаратын зауыт салынуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен шамамен 150 млрд. теңге болатын, Балқаш қаласын дамытудың кешенді жоспары әзірленуде. Қаланың туристік және өнеркәсіптік әлеуеті бар. Бұл қала экономикасының құрылымын өзгертуге мүмкіндік береді.
– «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру жалғасуда. Соңғы үш жылда 11,9 млрд. теңгеге 130 жоба іске асырылды. 124,7 адамнан тұратын 34 тірек және 11 спутниктік ауылдық елді мекендер қамтылды. Әлеуметтік саланың 37 нысаны жөнделді. 2022 жылы 16 тірек және 5 спутниктік ауылдық елді мекендерде 42 жобаны іске асыруға 3,8 млрд. теңге қаржы көзделген. Сонымен қатар, ауылдық жерлерге білікті кадрлар тарту үшін халық арасында сұранысқа ие бағдарламалардың бірі – «Дипломмен ауылға». 2022 жылы әлеуметтік сала мен агроөнеркәсіптік кешен мамандарына ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттары, мемлекеттік қызметшілеріне 1,3 млрд. теңге сомасында тұрғын үй алуға бюджеттен кредиттер бөлінді. 290 маманға 89,6 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы төленді, – дейді Бексұлтан Игілік.

Сағыныш ӘБІЛ.

Басқа материалдар

Back to top button