Бас тақырыпРесми

Қазақстанда туристер саны көбейді

ranking.kz хабарлауынша, Қазақстанда туризм саласы тұрақты өсім көрсетіп отыр. 2026 жылдың алғашқы үш айында еліміздегі орналастыру орындары шамамен 2 миллион адамға қызмет көрсетіп, көрсетілген қызмет көлемі 69 млрд теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға жоғары.

Суретті түсірген А. Марченко

Әсіресе ішкі туризмнің қарқыны байқалады. Бірінші тоқсанда қазақстандық туристер саны 3,6 пайызға өсіп, тұрғындардың ел ішінде саяхаттауға қызығушылығы артқанын көрсетті. Туристер ең көп барған өңірлер қатарында Алматы қаласы, Астана және Ақмола облысы бар.

Сондай-ақ курорттық аймақтарға сұраныс жоғары. Жыл басынан бері курорттық өңірлерде 800 мыңнан астам адам демалған. Мамандар бұл көрсеткіш рекреациялық туризмнің маңызы артып келе жатқанын аңғартады дейді.

Саладағы оң өзгерістер туристік инфрақұрылымның дамуына, жаңа нысандардың ашылуына және мемлекеттік қолдау шараларының күшеюіне байланысты. Бүгінде Қазақстанда 4,5 мыңнан астам орналастыру орны жұмыс істейді. Сарапшылардың атап өтуінше,  қарқын сақталса туризм алдағы жылдары ел экономикасының маңызды драйверлерінің біріне айналады.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button