Жаңалықтар

Аймақ басшысы Жәйрем тұрғындарымен кездесті

12 тамызда Жәйрем кен-байыту комбинатының жұмысшыларының қатысуымен шиеленіс орын алды. Бірнеше шетел жұмысшы азаматтары жеңіл түрде жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты хабарлады.


Жағдайды реттеу үшін оқиға орнына облыс әкімі Ерлан Қошанов барды. Жәйрем кентінде аймақ басшысы кент тұрғындарымен және Жәйрем кен-байыту комбинатының жұмысшыларымен кездесті. Өткізілген кездесудің нәтижесі бойынша жағдай реттелді. 
Кенттегі жағдай тұрақты және облыс әкімінің ерекше бақылауында.

Басқа материалдар

Back to top button