Бас тақырыпОблыс әкімі

Аймақ басшысы шахтерлермен кездесті

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек «Шахтинская» шахтасына түсіп, шахтерлердің еңбек жағдайымен танысты.

Аймақ басшысы лавада жұмысшылармен әңгімелесті. Облыс әкімі еңбек жағдайлары мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жалақы деңгейіне қатысты мәселелерге назар аударды. Өз кезегінде шахтерлер аймақ басшысына Шахтинск және жақын жатқан кенттердегі өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі облыс басшылығының жоспарлары туралы сұрады. Сондай-ақ, кездесуде жерасты кәсібіндегі адамдардың зейнеткерлікке шығу мәселесі талқыланды. Шахтерлер Жеңіс Қасымбекке жерасты техникасы туралы айтып, заманауи кен үңгу комбайнының жұмысын көрсетті.

– Шахтерлер әулеттерінің өкілдерімен таныстым. Бұл шахтада мұндай отбасылар көп. Осындай экскурсиядан кейін ең батыл кәсіпті меңгеріп, еңбек етіп жатқан адамдардың ауыр жұмысына ерекше назар аударып, оларды бұрынғыдан да жоғары құрметтейміз, – деді облыс әкімі.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Шахтинская» шахтасында 1067 адам еңбек етеді. Негізінен, олардың басым бөлігі – Шахтинск қаласының, Шахан кентінің тұрғындары.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 1,8 миллион тонна көмір. Жыл сайын жоспарлы өндіру көлемі артып келеді. Егер, 2018 жылы бұл 1 миллион 130 мың тонна болса, 2019 жылы көрсеткіш 531 мың тоннаға артық болды. Тоғыз ай ішінде 1,3 миллион тонна «қара алтын» өндірілді.

Шахтада қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған 15д1-2 лава жұмыс істейді. Сонымен қатар, ұңғыма комбайндарымен қамтылған 6 дайындық кенжары іске қосылған. Жаңа лаваның монтажы жүргізілуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button