Бас тақырып

Аймақ басшысы ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады


Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға тағзым ету үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, әскери қызметшілер, билік өкілдері, қоғам қайраткерлері мен тұрғындар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, оларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сондай-ақ, облыс басшысы ардагерлерді үйлеріне барып, Жеңіс күнімен құттықтады.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары 98 жастағы Павел Оленченко мен Мария Шинкевич соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті.

Павел Оленченко Саратов облысында дүниеге келген. 1943 жылы соғысқа шақырылған. Ол 48-ші ауыр миномет бригадасының құрамында байланыс қызметшісі ретінде шайқасты. Берлинді алу үшін шайқастарға қатысқан. Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, “Жауынгерлік еңбегі үшін”, “Берлинді алғаны үшін”, “Германияны жеңгені үшін” медальдарымен марапатталған.

Бұқар Жырау ауданы Ростовка ауылының тумасы Мария Шинкевич 19 жасында әскери қызметке шақырылған. Ол әйелдерге арналған мергендер мектебінде оқыды. Үшінші Беларусь және бірінші Украин майдандарында соғысқан. Чехословакияны азат етуге қатысқан. Жеңісті Прагада қарсы алды. Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, “Ерлігі үшін”, “Германияны жеңгені үшін”, “Кеңес Одағының Маршалы Г. К. Жуков”, “Украинаны азат еткені үшін” медальдарымен марапатталған.

– Жеңіс күні – ұлы мереке. Біздің бейбіт те тыныш  өмір сүріп жатқанымыз сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Біз сіздердің ерліктеріңізді әрдайым есте сақтаймыз. Сіздерге мықты денсаулық және ұзақ өмір тілеймін! – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Мереке күні ардагерлерлі оркестр ұжымы да қуантты – қарттар тұратын үйлердің кіреберістерінің жанында музыканттар соғыс жылдарындағы әндерді орындады.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының 13 қатысушысы бар. 

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button