Бас тақырып

Аймақ басшысы ардагер журналист Екатерина Кузнецованы мерейтойымен құттықтады

Атақты журналист және жазушы, Карлаг тарихын зерттеуші Екатерина Кузнецованы 85 жас мерейтойымен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев құттықтады.

– Біз сізді ең беделді журналистердің бірі ретінде жақсы білеміз. Ұзақ уақыт бойы “Индустриальная Караганда” газетінде жемісті жұмыс істедіңіз, қалам шеберлерінің бірнеше буынын тәрбиеледіңіз. Сіз сталиндік қуғын-сүргін тақырыбын зерттеуге бірінші болып кіріскен қаламгерсіз. Өз мақалаларыңыз бен кітаптарыңызда Карлаг туралы шындықты айттыңыз. Осындай ерен еңбегіңіз үшін үлкен алғыс білдіреміз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Облыс әкімі мерейтой иесіне зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі.

Екатерина Кузнецова 1960 жылдардың басынан бастап Қарағанды журналистикасында еңбек еткен. Оның барлық шығармашылық жолы  облыстық “Индустриальная Караганда” газетімен тікелей байланысты. Карлаг тақырыбын 1987 жылдан бастап зерттеп,  сталиндік қуғын-сүргін туралы шындықты ашумен айналыса бастады. Карлагтың бұрынғы тұтқындарының көптеген естеліктерін жинады.

“Халық жауы” деп жазықсыз жарияланған адамдардың тағдыры туралы әңгімелер “Қараған бұтасы”, “Карлаг: тікен тордың екі жағында”, “Қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақстан” және т. б. кітаптарына енгізілді. Екатерина Кузнецова “Қазалы кітап. Ату тізімдері” атты қарағандылық басылымның редактор-құрастырушысы.

Құрметті журналист кәсіби салада ұзақ қызмет етуге деген көзқарасымен бөлісті.

– Үнемі азаматтық тұрғыда белсенді болу үшін өз мамандығыңды сүю керек. Ешкімнен және ештеңеден қорықпаңыздар, ешкімге жағуға тырыспаңыздар. Журналистика қорқақтар мен жағымпаздарды ұнатпайды. Егер сіз өз сөзіңізге сенімді болсаңыз, өз ісіңізді жасаңыз. Егер сіз қорқатын болсаңыз, сіз журналистикадан орын алмайсыз, – дейді Екатерина Кузнецова.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button