АймақҚарағанды

Аймақ басшысы Ақтоғай ауданының тұрғындарымен кездесті

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындардың мәселелерін тыңдау үшін Ақтоғай ауданының Шашубай кентіне келді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Жергілікті клубқа өңір басшысымен және облыстық басқармалардың басшыларымен кездесуге 36 адам келді.

Шашубайлықтар жаңа асфальтқа наразылықтарын білдірді. Жолды жөндеу жазда жүргізілді. Жұмыстар қабылданбады, мердігерге қатысты сот ісі қарастырылады.

– Биыл Шашубайда жалпы ұзындығы 2,1 км көшелер мен тұйық көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет болды. Негіз дұрыс жасалды, бірақ асфальт төсеу ережесі бұзылды. Мердігердің жұмысына қанағаттанбадық. Шарт бұзылып, сотқа мердігерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арыз береміз, – деп түсіндірді Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары Саян Мұратұлы.

Тұрғындарды толғандыратын тағы бір мәселе – көп жылдардан бері бос тұрған көпқабатты үйлерді қалпына келтіру. Ауылда осындай төрт үй бар. Олардың біреуін қайта құру биыл басталды. 100 пәтерлі бес қабатты үй қалпына келтірілгеннен кейін әлеуметтік қорғалатын санаттағы кезекте тұрғандар баспана алады. Біртіндеп қалған үйлерді қалыпқа келтіру жоспарлануда.

Шашубайлықтар ТКШ бойынша да сұрақтар қойды. Олардың бірі – иесіз электр желілері. Кент әкімі Нариман Маңғышев қазір олардың коммуналдық меншікке беріліп жатқанын хабарлады.

Әлеуметтік мәселелер де талқыланды.

– 38 жыл ауылда тұрамын. Бізде бір терапевт және бір педиатр бар. Бізге жас білікті терапевттер, хирургтар, окулистер және басқалар қажет. Біз үйлерді қалпына келтіріп жатырмыз, тұрғындар көбейіп келеді. Адам үшін денсаулық маңызды. Бізге жас мамандар келеді деп уәде берді. Қазір олар үшін жақсы көтерме төлемдер бар, – дейді Шашубай тұрғыны Фарида Құрышева.

Мұндай жылжымалы кездесулер қажет, деп есептейді ардагерлер кеңесінің төрағасы “Алтын алқа” белгісінің иегері Күлән Әбеуова.

– Біз облыс орталығынан алыспыз. Әрқашан барып-қайту мүмкін емес. Мұнда облыс әкімімен және ведомство басшыларымен өз сұрақтарымызды бірден талқылауға болады, – деп атап өтті қоғам қайраткері.

Кездесуде айтылған барлық сұрақтар тіркелді.

Олар бойынша іс-қимыл жоспары әзірленеді және қандай шешім қабылданғаны жайлы тұрғындарды хабардар етеді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button