Облыс әкімі

Агроөнеркәсіп мәселесі – назарда

Облыс басшылығы ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің мәселелерін шешу үшін нақты қадамдар жасауға кірісті. Нақтыласақ, ауыл шаруашылық саласындағы мәселелердің шешімін табуына тікелей мұрындық болуда. Осы орайда, аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің басшылығымен кездесті. Ірі кәсіпорындардың өкілдері мен шаруа қожалықтарының басшылары көкейлеріндегі мәселелерін ортаға салып, сауалдарын жолдады.

Көрнекі сурет

– Биылғы жылы Холдингтің даму институттары арқылы біздің облыс үшін 22,6 млрд. теңге кредиттік ресурстар қарастырылған, бұл 2018 жылға қарағанда 5,6 млрд.теңгеге артық. «ҚазАгро» филиалдары 11 мыңнан астам ірі қара, 18 мың ұсақ мал, 5 мың жылқы және 650 бірлік ауыл шаруашылық техникасын сатып алуды қаржыландырды. Сонымен қатар, біздің фермерлерде несие алу кезінде кездесетін проблемалар бар, – деді Жеңіс Қасымбек.

«ҚазАгро» Холдингінің Басқарма төрағасы Ербол Қарашүкеевпен бірге Қарағандыға барлық еншілес ұйымдардың басшылары келді. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Әрбір өтініш бойынша мәселені шешудің мүмкін жолдары айтылды.

 Мысалы, ұн тарту кәсіпорындары «Қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасына қолжетімділіктің жоқтығына шағымданды. Облыс әкімі орталық органдарға бағдарламаны түзету қажеттігі туралы хат жазуды тапсырды.

Кездесуден кейін холдинг делегациясы жергілікті жерлердегі жағдаймен танысу үшін бірқатар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button