Облыс әкіміРесми

Қарағандылық 70 маман Екібастұзға көмекке аттанды

Екібастұздағы жағдайға елдің көңілі алаң. Қақаған қыста жылусыз қалған қаланың жағдайын Үкімет өз бақылауына алды. Сонымен қатар еліміздің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек пен білікті мамандар жұмылдыруда. Облыс әкімінің тапсырмасымен жылумен қамтуды қалпына келтіру үшін Екібастұзға 70 қарағандылық маман көмекке аттанды.

Бұл ретте құрылыс және коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлерінен бригада құрылды. Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев facebook парақшасында: 

— Қажетті құралдармен және техникамен толық жабдықталған мамандарымыз Екібастұзға аттанды. Қазіргі уақытта олар қажетті жұмыстарға кірісті. «Энергоцентр» ЖШС, «Қарағанды Су» ЖШС, қаланың құрылыс компаниялары мен барлық қарағандылықтарға шын жүректен алғыс айтамын, — деп пікір қалдырды.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button