Бас тақырып

Қадірлі оқырмандар!

Жаңа форматтағы «Оrtalyq Qazaqstan» газетiндегi материалдармен танысып, ɵз пiкiрiмдi жазып отырмын. Тамаша халықаралық формат. Ия, биылғы жыл мағыналық жағынан елiмiзге де, «Ortalyq Qazaqstan» газетiне де мерекелi екенiн Бас редактор Ерсiн Мұсабеков атап айтты жəне əрiптестерiне үндеу тастады: «Жазу! Ол – тағдыр! Ол – еңбек! Жазған құлда шаршау жоқ! Қаламға сүйенiп. Ғаламға ой айтуға бiлек сыбана кiрiстiк!» Қандай тамаша сɵздер!

Бала мiнездi таза адамнан, Темiрғали Кɵкетаев ағамыздан газеттiң бiрiншi номерiне тiлекбата жазылғаны да ɵте маңызды. Жəне анонстарда газеттiң номерiнде қандай мақалалар берiлетiнi басылған. Екiншi жəне үшiншi беттерiнде Қазақстан Республикасының Президентi Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тəуелсiздiк бəрiнен қымбат» деген мақаласының толық мəтiнi берiлген. Бұл – ɵте маңызды.

Мен де Темкеңе қосылып айтқым келiп отыр: Қадамың құтты болсын, жасарған Ақсақал «Орталық – Қазақстан – Ortalyq – Qazaqstan»!

Нұрсұлу БУКЕТОВА,

профессор.

Басқа материалдар

Back to top button