Қадірлі қарағандылықтар!
Сіздерді ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
1990 жылы 25 қазанда еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл тарихи күн біздің елімізге өз мемлекеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндік беріп, Тәуелсіздік алуымызға ықпал етті.
Осы уақыт ішінде елімізде экономика тұрақты дамып, әлеуметтік салаға назар аударылып, ел азаматтарының өмір сүру деңгейі жоспарлы түрде жақсартылуда. Әлеуметтік нысандар білім ордалары, ауруханалар, балабақшалар салынуда. Бұл бағдарламаларды іске асыруға Қарағанды облысы да үлкен үлес қосуда. Біз жыл сайын өңірдің даму қарқынын арттырып, өндірісті, шағын және орта бизнесті дамытып жатырмыз. Биылғы жылы кәсіпкерлердің 2,5 мыңнан астам жобасы мемлекеттік гранттарға ие болды. Сонымен қатар өңірде тұрғын үйлер белсенді салынуда. Кеншілерге арналған ипотекалық бағдарламалар енгізіліп, дәрігерлер мен мәдениет қызметкерлеріне қызметтік тұрғын үйлер, студенттерге арналған жатақханалар пайдалануға берілуде. Сондай-ақ, өңірге инвестициялар белсенді тартылуда. Мұның бәрі біздің бірлігіміз бен тұтастығымыздың арқасында мүмкін болды.
Құрметті жерлестер!
Бүгінде біздің әрқайсымыз Қазақстанның болашағына үлес қосудамыз. Осынау мереке күні біз сіздерге денсаулық пен амандық, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз. Тәуелсіз Қазақстанымыз гүлдене берсін!
Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен ҚОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы