«Адал қызмет етемін»

    Редакциямызға Қарағандыдағы 52859 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Руслан БАЛТАБАЕВ хат жолдапты. Хатта сарбаз өзінің сырымен бөлісіп, көкейде жүрген ойын ақтарыпты. Бүгін сол хатты назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.

РЕДАКЦИЯДАН.

      Отан алдындағы борышын өтеу – әр азаматтың асыл парызы. Бала күнімнен әскери салада қызмет етуді армандадым. Қазір сол арманыма жетіп, «Ұлттық Ұлан» Орталық өңірлік қолбасшылығының 52859 әскери бөлімінде әскери борышымды атқарудамын.

      Аталмыш әскери бөлімде кіл өз ісінің шеберлері, тәжірибелі офицерлер қызмет етуде. Жарты ғасырлық тарихы бар осы бөлімге қабылданғанымды мақтан тұтамын.

      Біздің бөлімнің міндеті – табиғи және техногенді апаттардың алдын алу және тұрғындарды тосын апаттардан қорғау. Мұнда талай мәрте ерлік істерімен көзге түсіп, ел ықыласы мен басшылық алғысына бөленген жауынгерлер бар.  «Ұлттық Ұланның» бір бөлшегі ретінде біздің бөлім өзіне жүктелген міндетті ойдағыдай орындап келеді. Мен үшін «Ұлттық Ұлан» сапында ортақ іске үлес қосу – биік абырой. Сондықтан, «Қазақстан Республикасына адал қызмет етемін» деп шын жүректен айта аламын.

     Көк байрағы желбіреген, айбынды да беделді, берекесі мен бірлігі жарасқан Отанымыздың Тәуелсіздігі баянды болғай. Ал, өз кезегімізде біз сол Тәуелсіздікті қорғау ісінде алдыңғы лектен көрінерімізге сенімдіміз.

Руслан БАЛТАБАЕВ,

ҚР «Ұлттық Ұлан» Орталық өңірлік қолбасшылығы 52859 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.