АбайАймақ

Абай ауданында жеке тұрғын үй өртеніп кетті

Бүгін таңғы сағат 5-6 шамасында Абай ауданы, Қарабас ауылы, Советская көшесіндегі бір қабатты жеке тұрғын үйден өрт шықты. Үйді шатыры мен төбесінің ағаш қаптамалары, үй ішіндегі тұрмыстық заттар мен жиһаздар толық жанып кеткен.

Суреттер: Облыстық ТЖД

Өрттің жалпы ауданы 80 шаршы метрге жеткен. Үйдің төбесі опырылып ішіне түскен. Өрт сөндіру қызметінің мамандарының жұмыс нәтижесінде өрт сағат 08:16-да толық сөндірілген. Қуанышқа орай, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Енді мамандар өрттің шығу себебі анықтауда.

– Тұрғындардан өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыздар. Электр құрылғылары мен желілерінің жұмысқа жарамдылығын қадағалап, бірнеше электр құрылғыларының бір желіде тұрмағандығына көз жеткізу қажет. Ал, пеш жағып отырған жеке сектор тұрғындары кем дегенде айына бір рет пеш мұржасын күйеден тазартып отыру қажет, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button