Жаңалықтар

Абай ауданында көпбалалы аналар мектебі жұмыс істейді

Қазақстан Президентінің «Бірге іске асырамыз» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде мектептің тыныс-тіршілігіне жергілікті билік тарапынан басым көңіл бөлініп отыр.

Мектеп оқушылары аспаздық өнер және киіз басу сынды шеберлік сыныптарына қатысады. Семинарларда оларға өз ісін ашу жолдары түсіндіріледі. Сондай-ақ, мектепте ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас туралы психологиялық тренингтер ұйымдастырылып тұрады.

Мектеп аудан тұрғындары арасында өте танымал. Тіпті, шалғай ауылдардан да келеді. Оқыту кестесі ыңғайлы және қатысушылардың отбасылық жағдайын ескеріліп, көпбалалы аналарды жұмыспен қамту қарастырылған. Олар өзара білгендерімен бөлісіп, тәжірибе алмасады. «Іскер ана» жобасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде жүзеге асырылуда.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button