Жаңалықтар

Абай ауданында инватакси қызметі ашылды

Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсететін инватакси қызметі дамуда. Аймағымыздағы жеті қалада аталмыш қызмет тегін көрсетіліп келген еді, енді бұл игілікті ауыл тұрғындары да пайдалана алады. Абай ауданында мемлекеттік тапсырыс бойынша инватакси қызметі құрылды.

– Біздің ауданда 2750 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Біз оларға қажетті жағдайды жасауға тырысып жатырмыз. Жергілікті бюджеттен инватакси құруға қаражат бөлік.  Бұл қызмет мүгедек жандардың қозғалысына көмектесіп,  қарым-қатынас мүмкіндігін кеңейтеді. Инватаксидің арқасында мүгедек жандар концерттерге, театрларға, көрмелерге, басқа да мәдени іс-шараларға қатыса алады, – деді аудан әкімі Бауыржан Асанов.
Қызмет үшін жеңіл автокөлік және шағын автобус қарастырылған. Инватакси бүкіл аудан бойынша қызмет көрсетеді. Арнайы жабдықталған көлікті 1 топтағы мүгедектер және жеке көмекшісі немесе арбасы бар мүгедек балалар пайдалана алады.

Басқа материалдар

Back to top button