АймақБалқашБілім

Ағылшын тілін тегін үйренеді

Балқаш қаласындағы тілдер орталығы мемлекеттік бағдарлама аясында ересектерге ағылшын тілін тегін оқытпақ. Бұл жөнінде орталықтың аудармашы маманы Алина Азия мәлімдеді. Тіл үйрену курсының ұзақтығы үш ай. Оқыту үш кезеңнен тұрады. Тіл үйренемін деушілердің қаңтардан сәуірге дейін, сәуір мен шілде аралығында және қыркүйек пен желтоқсан айларында оқуға мүмкіндігі бар.

– Биыл бірінші оқу кезеңі 12 қаңтардан басталады. Қазір топтар жаңадан құрылып жатыр. Орталықта қазақ тілі мен ағылшын тілінен сабақ беретін төрт мұғалім бар. Оқыту курстары әр мекеменің мамандығына, саласына қатысты топтастырылады.

Шет тілін үйренемін деушілер Қараменде би көшесі 10 мекенжайында орналасқан «Тілдер орталығы» мемкемесіне келіп тіркеле алады, – дейді орталықтың маманы Алина Азия.

Айта кетейік, өткен жылы 144 балқаштық ағылшын тілін үйреніп, біліктілігіне сай сертификат алған.

Нұрдос КӘРІМ.

БАЛҚАШ
Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button