Жаңалықтар

АҚШ делегациясы – Арқа төрінде

    Арқадағы ауқымды көрмеге Америка Құрама Штаттары да қатысады. Жуырда алпауыт елдің өкілдері көрмеге әзірлік барысымен танысып, оң бағасын берді.

«ЭКСПО – 2017» Халықара­лық мамандандырылған көрме­сінің ұйымдастырушылар кең­се­сінде «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының Басқарма басшысы Ахметжан Есімов АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері бойынша көмекшісі Уильям Тоддпен кездесті.

Басқосу барысында екі тарап көрмеге әзірлік барысын талқылады. Ахметжан Есімовтің айтуынша, қазіргі уақытта халықаралық қатысушылардың 18-і өз павильондарын мазмұндық толтыру жұмыстарына кірісіп кетті.

Сондай-ақ, АҚШ делегациясы «ЭКСПО – 2017» құрылысы алаңы мен ұйымдастырушылар кеңсесінде болды.

Бүгін біз көрменің құрылыс алаңындағы жұмыстармен таныстық. Ұйымдастырушылардың ау­қымды еңбегінің куәсі бол­дық. Халықаралық қауымдас­тықтың көрмеге деген үлкен қы­зығушылығы байқалады. Сондықтан, дүние жүзіндегі технологиялық лидер ретінде «ЭКСПО – 2017» көрмесінде абыройлы қатысуы үшін барлық күш-жігерімізді салатын боламыз», – деді Тодд Уильям.

«ЭКСПО – 2017» көрмесінің павильондарын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов бастаған министрлік басшылығы да аралап көрді. Сондай-ақ, делегация «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті.

Олар өзара «ЭКСПО – 2017» көрмесінің халықаралық қатысушыларымен жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңесті.

Көрмені ұйымдастыру мен өткізу бағытындағы жұмыс қарқыны, шын мәнінде, ерекше әсер қалдырды. Көрменің әлем назарын аудартатын, жоғары деңгейде өткізілетін айтулы іс-шара болатындығына сенімдімін, – деді СІМ басшысы.

Ал, Ахметжан Есімов ұлттық компания тарапынан өткен жылы атқарылған жұмыстармен таныстырды. Барлығы 150 ресми кездесудің, оның ішінде, шетелдік премьер-министр, вице-премьер, министр деңгейіндегі 36 делегацияның қатысуымен кездесулер өткізілгендігін айтты.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button