Бас тақырып

Ақадырдағы атыс: төрт күдікті ұсталды

Кеше Шет ауданы Ақадыр стансасында атыс болып, жергілікті тұрғын аяғынан жараланып, ауруханаға барған. Полиция төрт күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

– Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ақадыр стансасының тұрғынына атыс қаруын қолданып өлтірмек болды деген күдікпен 28 бен 47 жас аралығындағы төрт ер адам ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр, – деді облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button