Қарағандылық оқушылар Республикалық олимпиададан жүлдемен оралды
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы Республикалық жалпы білім беру олимпиадасының қорытындысы бойынша облыс атынан қатысқан құрама команда жүлделі III орынға ие болды. Олар облыс қоржынына 2 алтын, 5 күміс және 12 қола медаль салды.

I орынды физика пәнінен Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп лицей-интернатының 9 (8)-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова мен математика пәнінен Қарағанды қаласы №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Жанарыс Тендіков иеленді.
Ал, II орынды информатика пәнінен Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Әлішер Қазтаев пен осы мектептің 11-сынып оқушысы Рамазан Пердебай иеленді. Сонымен қатар, физика пәнінен Қарағанды қаласы №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Әліби Ақберді, география пәнінен Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Ерали Қалыш пен Қарағанды қаласы №2 лицейінің 10-сынып оқушысы Алан Бодуков те ІІ орынға қол жеткізді.
Химия пәнінен Қарағанды қаласы №1 «Білім-инновация» лицей-интернатынан қатысқан мектептің 11 (10)-сынып оқушысы Шыңғыс Қойшыбай, 10-сынып оқушысы Мәди Сабыр, 9-сынып оқушылары Санжар Қалиақбар мен Айдар Дарибай, информатика пәнінен қатысқан 10-сынып оқушысы Абзал Бекежан, биология пәнінен бақ сынаған 11-сынып оқушысы Хақназар Сәдібек жүлделі ІІІ орын иеленді.
Сонымен қатар, география пәнінен қатысқан Қарағанды қаласы №2 білім-инновация лицейінің 10-сынып оқушысы Арайлым Темірланқызы, информатика пәнінен 11-сынып оқушысы Бегайым Алтай, химия пәнінен мектептің 11-сынып оқушысы Аңсар Сейтқали да ІІІ орыннан көрінді.
Физика пәнінен қатысқан Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Мадина Имашева, география пәнінен Қарағанды қаласы №32 мектептік 11-сынып оқушысы Константин Азвездопуло, биология пәнінен «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 9-сынып оқушысы Нұрділдә Темірхан да ІІІ орын еншіледі.
Сонымен қатар, информатика пәнінен қатысқан Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Абылай Жанұзақов арнайы грамотамен марапатталды.
Ал, Рамазан Пердебай Қазақстандық-Британдық техникалық университетінің, Константин Азвездопуло – Торайғыров атындағы университетінің, Шыңғыс Қойшыбай – Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің грантына ие болды.
Ербол ЕРБОЛАТ.
Ortalyq.kz