Жаңалықтар

Үкімет мүшелері Екібастұзға барды

Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Екібастұзға келіп, аймақтың жағдайымен танысуда, деп хабарлайды Ortalyq.kz сайты. 

Үкімет мүшелері Екібастұзға барды Қазір ЖЭО-да 6 қазандық штаттық режимде жұмыс істейді. 143 көпқабатты және 132 жеке үйге, сондай-ақ 13 әлеуметтік нысанға жылу қайта қосылды. 21 учаскенің 20-сында жөндеу жұмыстары аяқталған.

Проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында үйлерді аралап, мәселені шешу үшін тиісті тапсырма беріліп жатыр. Қалада азаматтар үшін 14 жылыту пункті жасақталған.

Басқа материалдар

Back to top button