Бас тақырыпПрезидент сайлауы - 2022

Даңғыл жолға бастайтын қадам

Бұл сайлау – саяси жаңғырудың алғышарты. Кез келген жаңғыру – жаңалықтың жаршысы. Мемлекет пен ұлт қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза секілді. Болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра отырып, елдің әлеуметтік әлеуетінің артуына жағдай жасау қажет.

Мемлекет тарапынан қабылданған қандай да бір бағдарлама, бастама болсын халық оның игілігі мен нәтижесін көруі тиіс деп ойлаймын. Соған сай оның даму бағыты, озық тәжірибесі мен кемшін тұстары анықталады. Ұлттың өркениетті озық болуы оның жерінің кеңдігі, табиғи байлықтарының молдығы, халқының көптігімен өлшенбейді. Сәйкесінше, адамдардың бәсекеге қабілеттілігімен, білімі мен мәдениетімен, саулығымен, еңбекқорлығымен айқындалады. Бұл сайлау осындай өнегелі үрдістерге серпін береді деген үмітім зор. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді. Біз іргелі ел ретінде іргемізді бекемдеуіміздің басты шарты ұрпағымызға дұрыс тәрбие беру. Егемен елдің болашағы жастарға мемлекет тарапынан зор қолдау таныту, олардың тәрбиелі, еркін ойлы, жетік білімі мен қатар, әлеуметтік әлеуетін арттыру секілді басым бағыттар қоғамның күн тәртібіне шығып тұр. Әрине бұған біздің ой-өрісімізбен бірге қарым-қабілетіміз, материалдық тұрғыда да қабілетіміз жетеді. Бұл сайлаудан кейін осы бір мәселелерге одан әрі ден қойылса, нақты жоспарлар жасалып, нәтижелі жұмыстар жүзеге асса дұрыс болар еді.

Бұл сайлау кезіндегі айтылған міндеттердің шын мәнінде жүзеге асқандығының көрінісі деп білер едім. Әрі халықтың да сайлауға деген көзқарасы өзгеріп, елдің болашақ басшысына деген құрметі арта түсері анық.

Сондықтан, 20 қарашаға белгіленген Президент сайлауынан қалыс қалмай, жарқын болашақ үшін дауыс беру – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Бір кісідей дауыс беріп, ұрпағымыздың ертеңі, Отанымыздың берекелі тірлігі үшін таңдау жасайық!

Разақ ӘЛИН,

Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button