Қарағандыда №24 жаңа автобус маршруты іске қосылады
Қарағандыда 19 қазаннан бастап №24 жаңа автобус маршруты іске қосылады. Бұл №21 мектеп оқушыларының көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындардың өтініштеріне байланысты жүзеге аспақ.

Автобустар жолаушылар вокзалынан шығып, Бұқар Жырау даңғылы арқылы Төлепов көшесіне бұрылады. Одан әрі Моторная көшесімен жүріп, Заводская және Жилстроевская көшелерін қамтиды. Содан кейін Степная көшесімен қозғалып, Дубовская көшесіндегі «Достар» кафесінің алдында рейсті аяқтайды.
Жұмыс күндері маршрутта қозғалыс аралығы 15 минут болатын 4 автобус қызмет көрсетеді. Автобустардың орналасқан жерін «Оңай» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады.
Сонымен қатар, тұрғындардың көптеген өтініштеріне байланысты №02 маршруттың «ДСК» және «Строительная к-сі» аялдамалары бұрын бекітілген маршрут сызбасына қайтарылады.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



