Жаңалықтар

Елжан Біртанов сот шешіміне шағым түсірді

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаттары №2 Сарыарқа сотының үкіміне аппеляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Ortalyq.kz сайты Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгін бұрынғы министрдің адвокаттары Серік Сағалиев пен Дмитрий Куряченко алдын ала аппеляциялық шағым түсірді. Қалған қорғаушылар да жоғары тұрған сатыға, яғни Астана қалалық сотына құжат тапсырмақ.

Дмитрий Куряченконың айтуынша, үкімге наразылық білдіру мерзімі 12 қарашада аяқталады. Елжан Біртанов «лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланды» деген үкіммен келіспеген.

Еске сала кетсек, 28 қазанда Астана қаласының №2 Сарыарқа сотында экс-министр Елжан Біртанов пен экс-вице-министр Олжас Әбішевтің үкімі жарияланды. Сот Біртановты санитарлық авиацияның әуе кемесін пайдалану эпизоды бойынша кінәсіз деп тапты. Алайда сот екі сотталушы да лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп санады. Судья атап өткендей, Әбішев пен Біртанов жұмыс істемейтін платформаға қатысты орындалған жұмыстар актісіне қол қойған. 

Қарағанды облысының маңызды және өзекті жаңалықтарын «Орталық Қазақстан» газетінің телеграмм каналынан оқыңыз (сілтемені басыңыз)

Басқа материалдар

Back to top button