Қарағанды қаласының әкімі дауыс берді
Қарағанды қаласындағы сайлау учаскелері таң сәріден бастап тұрғындарды қабылдауда. Азаматтық белсенділік танытып, дауыс бергендердің қатарында Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожухов та бар.

Қала басшысы кезектен тыс сайлаудың маңызы мен жаңа депутаттық корпустың алдағы міндеттері жөніндегі пікірін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

– Бүгін мәслихат депутаттарының сайлауына қатыстым. Қаламыздың дамуы, күнделікті мәселелердің шешілуі және қарағандылықтардың өмір сүру сапасы көп жағдайда депутаттардың жұмысына байланысты. Жаңа депутаттық корпус тұрғындардың мүддесі үшін белсенді жұмыс істейді деп сенемін. Бірлескен әрі сындарлы жұмыс алға қойған жоспарларымызды жүзеге асыруға және қала тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, – деп жазды Мейрам Қожухов Instagram парақшасында.
Ербол ЕРБОЛАТ,
«Ortalyq Qazaqstan»



