Әзірге заңбұзушылық тіркелген жоқ
Қарағанды қаласындағы №61 мектеп ғимаратында орналасқан №136, №137 және №138 сайлау учаскелерінде дауыс беру қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Сайлаушылар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. №136 учаскесінде заңбұзушылық дерегі тіркелмеген.

Учаске төрағасы Балнұр Ошақбаеваның айтуынша, сайлаушылар тізімінде 2 135 адам бар. Таңғы сағат 07:00-де басталған дауыс беру барысында әзірге 50-ге жуық тұрғын учаскеге келіп, дауыс беріпті.
Ал, сайлау учаскелерінің ішінде дауыс беру тәртібі мен сайлау заңнамасына қатысты түсіндіру материалдары бар. Мұның бәрі тұрғындарға қажетті ақпаратпен алдын ала танысып, дауыс беру рәсімін еркін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бүгін елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде. Дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады.
Жәлел ШАЛҚАР,
«Ortalyq Qazaqstan»
ҚАРАҒАНДЫ



