Жаңалықтар

«Әрбір отандастың парызы» дейді сарбаз

Приозерск қаласындағы №227 сайлау учаскесіне келген 06708 әскери бөлімінің сарбазы Марс Келешов те мәслихат депутаттарын сайлауға қатысып, дауыс берді. Жас сарбаз саяси науқаннан тыс қалмай, азаматтық ұстанымын білдіруді әрбір отандасының парызы санайтынын жеткізді.

Сурет автордан

– Мен ел болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Әр азамат мемлекет тағдырына бейжай қарамай, қоғам өміріндегі осындай маңызды науқандарға белсенді қатысуы керек деп есептеймін. Өйткені елдің ертеңі – баршамызға ортақ жауапкершілік, – дейді Марс Мақсатұлы.

Қазіргі уақытта жас сарбаз 06708 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Әскери міндетін атқара жүріп, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға қатысуы оның азаматтық жауапкершілігін де айқындай түседі.

Нұрдос КӘРІМ,
Приозерск
«Ortalyq Qazaqstan»

Автор: Нұрдос КӘРІМ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button