ЖаңалықтарРесми

Қатерлі ісікті жасанды интеллект анықтайды

Қазақстанда 700-ден астам медициналық мекеме жасанды интеллект технологиясын қолданады,деп хабарлайды Ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет ЖИ арқылы жасалды

Жасанды интеллект дәрігерлерге қауіпті аурулардың белгілерін ерте анықтауға және медициналық құжаттарды рәсімдеуге кететін уақытты қысқартуға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Астана қаласы мен Ақмола, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау және Жетісу облыстарындағы 17 инсульт орталығында CerebraAI жүйесі енгізілген. Ол компьютерлік томография нәтижелерін талдап, мидың зақымданған аймағын жедел анықтауға көмектеседі.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап инсультке күдікпен тексерілген 23,5 мыңнан астам адамның зерттеу нәтижелері осы жүйе арқылы талданған.

Сонымен қатар, жасанды интеллект сүт безі мен өкпе обырын ерте диагностикалау, сондай-ақ стоматология саласында қолданылады.

Медициналық құжаттарды рәсімдеу үшін 4 205 дәрігер Alima цифрлық көмекшісін пайдаланады. Пилоттық жобаның нәтижесінде асқынбаған аурулар бойынша қабылдау кезінде құжаттарды толтыру уақыты алты минуттан бір жарым минутқа дейін қысқарған.

Министрлік жасанды интеллект дәрігерді алмастырмайтынын атап өтті. Науқастың диагнозы мен емдеу тәсілін анықтау жөніндегі соңғы шешімді медицина маманы қабылдайды.

Диас СЕРІКҚАЗҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button