ЖаңалықтарСпорт

Ел чемпионатынан үш медаль

Астанада ауыр атлетикадан өткен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Ел біріншілігінде елдің түпкір-түпкірінен кіл мықтылар бас қосып, сегіз салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша Қарағанды облысының спортшылары бір алтын, бір күміс және бір қола жүлде жеңіп алды.

Сурет ҰОК

Әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта Екатерина Алякина 180 келі (жұлқа көтеру – 80 кг, серпе көтеру – 100 кг) нәтижесімен чемпион атанды. Осы салмақта өнер көрсеткен тағы бір қарағандылық Карина Кодирова 163 келі (70+93 кг) көтеріп, күміс жүлдеге ие болды.

Ал, 53 келіге дейінгі салмақта Олеся Теренюк 140 келі (61+79 кг) нәтижесімен ІІІ орын алды.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button