Ресми

Коляскамен автобусқа кіруге тыйым салынбаған

Көлік министрлігі балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, қолданыстағы қағидалар ата-аналардың балалар коляскасымен қоғамдық көлікте жүруіне ешқандай шектеу қоймайды. Министрлік әлеуметтік желілерде тараған мәліметтердің негізсіз екенін атап өтіп, жолаушыларды ресми ақпаратқа ғана сүйенуге шақырды.

Сурет ведомствоның сайтынан

Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, автобус салоны шамадан тыс толған жағдайда, ата-анаға арналған бос орын болған кезде балалар коляскасымен жиналған күйде алып жүру көзделген. Бұл ретте коляска жолаушылардың еркін қозғалуына кедергі келтірмеуі тиіс.

Аталған талап жолаушылардың, оның ішінде балалар мен оларды алып жүретін ата-аналардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ автобус салонындағы еркін өту жолын сақтауға бағытталған. Егер ата-анаға балалар коляскасын жинау қолайсыз болса, ол сапарын колясканы жайылған күйінде жалғастыра алады.

Бұл ретте айыппұл салу, жолаушыны автобустан түсіру немесе өзге де санкциялар қолдану көзделмеген.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ. 

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button