Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт
«Сарыарқа» ойыншылары – Азия чемпионы!
Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубының бес ойыншысы Оңтүстік Кореяда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен жерлестеріміз құрлық додасында үздік нәтиже көрсетті.

Атап айтқанда, қорғаушы Эдуард Михайлов, шабуылшы Александр Борисевич, дәрігер Иван Журбин, массажшы Вадим Пономарев және техникалық әкімші Святослав Гарт ұлттық құраманың жеңісіне үлес қосты.
Қазақстан құрамасы чемпионат барысында үш кездесудің үшеуінде де жеңіске жетіп, қарсыластарынан басым түсті. Нәтижесінде, отандастарымыз бірінші орынға ие болып, Азия чемпионы атанды.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



