Халық Конституциясы

Жаңа Конституция: Өзгеріс пен сенім сабақтастығы

«Жаңа Конституция» ұғымы кез келген мемлекеттің саяси-құқықтық эволюциясындағы бетбұрысты кезеңді, қоғам санасының жаңғыруын және мемлекет пен азамат арасындағы әлеуметтік шарттың жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін білдіреді. Конституция – ұлттың болашаққа деген көзқарасының, құндылықтарының және билік пен халық арасындағы өзара сенімнің шынайы айнасы.

Сурет Ақордадан

Уақыт пен заман талабы өзгерген сайын ескірген қағидаттар жаңа сын-қатерлерге толық төтеп бере алмайды. Сондықтан, Конституцияны жаңарту – қоғамның өсіп-жетілгенін, демократиялық институттардың нығайғанын және азаматтардың құқықтық санасының өскенін көрсететін объективті қажеттілік әрі мемлекеттік басқару жүйесін заман талабына сай икемдеудің тиімді тетігі.

Бұл реформалардың өзегі ретінде билік арасындағы тепе-теңдікті сақтау және өкілеттіктерді оңтайлы бөлу басты назарда тұрады. Президенттік институттың стратегиялық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлі сақтала отырып, Парламенттің ықпалы күшейді. Ал, Үкіметтің халық алдындағы есептілігі арта түсті. Жаңа заңның басты басымдығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктерін, атап айтқанда Конституциялық Соттың жұмысын күшейту әрбір азаматтың әділдікке деген сенімін нығайта түседі. Заң алдындағы теңдік пен әлеуметтік әділеттілік қағидаттары мемлекеттік саясаттың негізгі өзегіне айналып, ел санасындағы түбегейлі бетбұрысқа жол ашады. Бұл өзгерістер көзбояушылыққа, сыбайлас жемқорлыққа және монополияға қарсы бағытталған жүйелі реформаларға берік құқықтық негіз қалап, «Әділ Қазақстан» тұжырымдамасының жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

Ербол ЕРБОЛАТ
Ortalyq.kz

Фотоға түсініктеме: Ақорда

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button