ЖаңалықтарБас тақырып

Қарағандылықтар мемлекеттік марапатқа ие болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында Әділетті Қазақстанды құру жолындағы басты қағидаттарға тоқталды, деп хабарлайды Ortalyq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы өз сөзінде әділеттілік ұғымының мемлекет пен қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті.

– Шын мәнінде, әділеттілік ең жоғары рухани құндылық десек дұрыс болады. Жаңа партияға «Әділет» атауын бердік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Салтанатты жиын аясында Мемлекет басшысы Республика күні қарсаңында ел дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Атап айтқанда, ел дамуына еңбегі сіңген белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері, өндірістік сала өкілдері «Парасат» орденімен марапатталды. Олардың қатарында жерлесіміз, «Қарағанды медициналық университеті» КеАҚ профессоры М. Түсіпбекова да бар.

«Құрмет» орденімен Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» КМК бөлімше меңгерушісі Е. Кальмбах марапатталды.

Ал, қоғамдық келісімді және ұлтаралық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін «Ел бірлігі» ордені «Қарағанды облысы «Шешен-ингуш «Вайнах» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы У. Джанаевқа табысталды.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ
Ortalyq.kz

Астана

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button