Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт

Қарағандылық Руслан Ахметов әлем чемпионатын сәтті бастады

Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатында кезекті отандасымыз шаршы алаңға шықты.

Сурет бокс федерациясынан

85 келіде фавориттердің қатарына кіретін Руслан Ахметов 1/16 финалда Николай Ивановпен (Болгария) жұдырықтасты.

Отандасымыз 1-раундта-ақ қарсыласын бүйірден дамылсыз соққыға алып, толықтай басымдықты алды. Нәтижесінде 3-раундта да жерлесіміз төрешілердің шешімін өз жағына бұрып, 5:0 есебімен басым түсті.

Материалды әзірлеген Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button