АймақБас тақырып
Қарағандыда «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Бүгін, 3 қазанда, Қарағанды қаласындағы Әшімов көшесіндегі Жаңа алаңда «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге облыстың жеті ауданынан келген 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, сондай-ақ Қарағанды және Шахтинск қалаларының қайта өңдеу кәсіпорындары қатысты. Тұрғындарға өнімдер орташа нарық бағасынан 10–15 пайызға төмен бағамен ұсынылды.
Жәрмеңкеге 450 тоннадан астам азық-түлік жеткізілді. Оның ішінде 52 тонна ет, 240 тонна картоп, 110 тонна көкөніс, 16 тонна сүт өнімдері, 9 тонна балық, 170 мың дана жұмыртқа және 20 тонна өзге де азық-түлік бар.
Мұндай жәрмеңкелер тұрғындарға сапалы әрі жаңа өнімді тікелей өндірушіден алуға мүмкіндік береді.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



