АймақБас тақырып

«Кітап оқитын ұлт» марафоны биыл жаңа санаттармен толықты

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафонының «PARASAT» санатына қатысатынын мәлімдеді. Оның сөзінше, өткен жылы өңірде пилоттық режимде басталған жоба биыл кеңейіп, жалпыұлттық марафонға айналған. Биыл интеллектуалды жарысқа «Кітап оқитын зияткер» және «PARASAT» атты екі жаңа санат қосылды.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Әлібек Әлденей әлеуметтік желідегі жазбасында кітаптың адам өміріндегі орны ерекше екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтбаев сынды ұлтқа қызмет еткен тұлғаларды биік деңгейге жеткізген қасиеттердің бірі – ақыл-ой еңбегі мен кітапқа деген сүйіспеншілік.

“Басқа санаттардан ерекшелігі сол – бұл жерде жүлде қоры қарастырылмаған. Бірақ, өзге қатысушылар қатарлы тест тапсырып, оқыған 15 кітап бойынша білім деңгейі тексеріледі. Сонымен қатар, сайысқа шетелдегі отандастарымыз да қатыса алады,” – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Әлібек Әлденей адамзаттың болашағына қатысты саяси кітаптарды қызығушылықпен оқитынын айтып, осы жолы оқыған кітаптары арқылы білімін сынау үшін республикалық марафонға қатысуға шешім қабылдағанын жеткізді.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button