Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт

«Шахтер» U-18 – QJ League-ның 2026 жылғы күміс жүлдегері атанды

Қарағандылық «Шахтер» U-18 командасы QJ League-ның 2026 жылғы чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Сурет клубтың ресми сайтынан

Игорь Солошенко шәкірттері чемпионаттың аяқталуына үш тур қалғанда турнир кестесіндегі екінші орынды мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Команда 19 турдан кейін 44 ұпай жинаған. Оның еншісінде 13 жеңіс, 5 тең ойын және 1 жеңіліс бар.

«Шахтер» U-18 маусым бойы тұрақты ойын көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді. Қарағандылық футболшылар үшін чемпионаттағы әлі үш кездесу қалды. Олар сырт алаңда «Каспий» және «Жас Қыран» командаларымен кездессе, соңғы турлардың бірінде өз алаңында QJ League чемпионы «Қайратты» қабылдайды.

Осылайша, «Шахтер» U-18 командасы маусымды күміс медальмен аяқтайтыны белгілі болды.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button