Бас тақырыпЖаңалықтар
Саяқтағы бес көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Саяқ кентінде бес көшенің жолдары жөнделіп жатыр. Қазіргі уақытта Болашақ, Ғарышкерлер, Жібек жолы, Балқаш және Саялы көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жоба екі жылға есептелген. Биыл мердігер ұйымдар жолдың қолданыстағы асфальт жабындысын фрезерлеу және басқа да дайындық жұмыстарын атқаруда.

Жол жөндеудің негізгі кезеңі 2027 жылға жоспарланған. Келесі жылы жөндеу жүргізілетін учаскелерге жаңа асфальт қабаты төселіп, жол жабыны толық жаңартылады.

Жоба аяқталғаннан кейін Саяқ кентіндегі көше жолдарының сапасы жақсарып, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысына жағдай жасалады. Сонымен қатар бұл жұмыстар елді мекеннің көше-жол инфрақұрылымын жаңартуға мүмкіндік береді.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



