Бас тақырыпСпорт
Қазақстан құрамасы 300 шақырымдық ат жарысында үздік атанды
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен алыс қашықтықтағы ат жарысы – жорықта Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетіп, 1 орынға ие болды. Бұл жайлы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Шабандоздар мен тұлпарлар 300 шақырымдық қашықтықты 4 күн ішінде еңсеріп, мәреге бірінші болып жетті.
1-орын — Қазақстан 🇰🇿
2-орын — Қырғызстан 🇰🇬
3-орын — Қырғызстан 🇰🇬
Қазақстан құрамасының жеңімпаздар құрамы:
▫️ Ержан Ернар
▫️ Төлебай Жарас
▫️ Ыдырыс Жақсылық
▫️ Реимбай Қанат
▫️ Есен Ахмет
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz
Фотоға түсініктеме:
Туризм және спорт министрлігі



