Жаңалықтар

12 жастағы қарағандылық ТМД еріктілер форумында жобаларын таныстырды

Қарағандылық 12 жастағы Платон Нечаев, экологиялық ертегілер сериясының авторы әрі EcoPlaton цифрлық платформасының негізін қалаушы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Еріктілік арқылы бірлік: серіктестік, сенім, даму» атты Бірінші еріктілер форумында өз жобаларын таныстырды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Ауқымды іс-шара ТМД елдерінен 300-ден астам жас көшбасшыны, сарапшылар мен қатысушыларды біріктіріп, тәжірибе алмасу, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және әлеуметтік бастамаларды дамытуға арналған маңызды алаңға айналды.

«Экологиялық еріктілік және тұрақты даму» атты панельдік сессияда Платон Нечаев спикер ретінде сөз сөйлеп, өскелең ұрпаққа экологиялық білім беруге бағытталған цифрлық және ағартушылық құралдарды әзірлеу тәжірибесімен бөлісті.

Форумның ашылуына арнайы Платон тоғыз сақшы туралы жаңа хикая жазып, жасанды интеллект технологияларының көмегімен анимациялық фильм жасады. Картина сюжеті заманауи технологиялардың экологиялық ағартуға қалай қызмет ете алатынын көрсетеді. Мультфильмді мына сілтеме арқылы көруге болады: https://youtu.be/YurVWwN4S7o.

Іскерлік бағдарламаға қатысумен қатар, жас белсенді Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаевамен жеке кездесуге қатысты. Кездесу барысында Платон министрге өзінің кітаптарының бірін таныстырып, болашақ жобаларына қатысты жылы тілектер мен қолдау алды.

 —Мен үшін “Экологиялық еріктілік және тұрақты даму” атты панельдік сессияда спикер ретінде сөз сөйлеу үлкен мәртебе болды. Өз сөзімде экологиялық ертегілер сериясы мен EcoPlaton цифрлық платформасы сияқты жобаларымыз туралы айтып бердім. Бұл жобалардың өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін маңызды әрі қажет екеніне шын жүрегіммен сенемін, — деді ол.

Форумға арнайы жаңа хикая жаздым. Оның желісі бойынша жасанды интеллект көмегімен тоғыз сақшы туралы мультфильм жасалды. Жасанды интеллектпен жұмыс істеу энергия мен суды қажет ететінін түсіне отырып, оның экологиялық ізін ағаш отырғызу және белсенді экологиялық ағарту жұмыстары арқылы өтеуге тырысамын. Бұл бағыттағы жұмысымды әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отырмын.

Форум ТМД елдері еріктілерінің тәжірибе алмасуына, бірлескен жобалар құруына және серіктестікті нығайтуына мүмкіндік берген маңызды алаң болды. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаевамен кездесу маған ерекше әсер етті. Оның ақжолтай тілектері әрі қарай жұмыс істеуге үлкен мотивация берді. Бірге әлемді таза әрі жақсырақ етейік!»

ТМД-ның Бірінші еріктілер форумы жастардың жаһандық экологиялық мәселелерді шешуге белсенді араласатынын көрсетіп қана қоймай, 12 жастағы баланың өзі де өңірдің тұрақты болашағына нақты үлес қоса алатынын дәлелдеді.

EcoPlaton жобалары туралы:

EcoPlaton — балалар мен жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін әдебиет, цифрлық технологиялар және практикалық экологиялық акциялар арқылы қалыптастыруға бағытталған бастама. Жоба авторлық кітаптар сериясын, мультимедиялық контент пен экологиялық ағартудың интерактивті форматтарын біріктіреді.

Материалды әзірлеген Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button