Қарағанды облысындағы өртті сөндіруге 200 қызметкер мен 60 техника жіберілді
Қарағанды облысында бірқатар елді мекендердегі өрттер толық сөндірілді. Атап айтқанда, Бұқар жырау ауданындағы Суықсу, Шет ауданындағы Ақбауыр, Қарқаралы ауданындағы Бесоба және Жаңатоған ауылдарындағы өрт ошақтары жойылды. Ынталы ауылындағы өрт оқшауланды.

Төтенше жағдайдар департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Ақтоғай ауданындағы Ақши ауылы маңындағы жекелеген ошақтар мен Қызылтау тауларының қиын аумағында өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Мамандар аумақты әуеден бақылап, қол жетуі қиын учаскелерге қажетті техниканы жеткізді.
Күрделі жер бедері мен қатты жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр. Жекелеген учаскелерде су себу жүргізіліп, өрттің әрі қарай таралуына жол бермеу шаралары қабылдануда.
Елді мекендерге, қыстаулар мен егістік алқаптарға қауіп жоқ. Өртпен күреске Төтенше жағдайлар министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың 200-ге жуық қызметкері және 60 техникасы жұмылдырылды. Тәулік бойы жүргізіліп жатқан жұмыстар ТЖМ бақылауында.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



