Бас тақырыпРесми
Қазақстанда мемлекеттік наградалардың қатары толықты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Шәмші Қалдаяқов” медалі мен “Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі” құрметті атағын енгізді. Бұл жайлы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров атап өтті.

– Мәдениет пен өнер – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді. Осы ретте президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне “Шәмші Қалдаяқов” медалі мен “Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі” құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады, – деп жазды Айбек Смадияров.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ
Фотоға түсініктеме:
Ақорда



