Бас тақырыпЖаңалықтарҚарағанды

Қарағандыда Жастар үйінің жобасы әзірленуде

Қарағандыдағы бұрынғы Ленин атындағы кинотеатр ғимараты жастарға арналған заманауи орталыққа айналмақ. Жоба ғимараттың тарихи келбетін сақтап, жастардың білім алуына, жұмыс істеуіне, шығармашылықпен айналысуына және түрлі бастамаларын жүзеге асыруына жағдай жасауды көздейді. Жоба жайлы URBOTEKA қорынің мүшелері айтты.

Сурет облыс әкімдігінен

Жастар үйінде кино залы, коворкинг, AI-аймақ және Ғарыш музейінің экспозициясы болады. Интерьерде Қарағандының әйгілі мозаикаларына тән элементтер қолданылмақ.

Ғимараттың сыртқы аумағында жазғы кино, концерттер мен басқа да мәдени шараларға арналған ашық амфитеатр қарастырылған. Сондай-ақ қала тұрғындары мен жастарға ортақ ашық қоғамдық кеңістік қалыптастыру жоспарланып отыр.

URBOTEKA қорының құрылтайшысы Кристина Бекмурзаеваның айтуынша, жобада ғимараттың Қарағанды тарихындағы орны мен қала тұрғындарының естеліктерін сақтау маңызды бағыттардың бірі.

– Көптеген қарағандылықтар үшін бұл орын жастық шақпен, студенттік кезеңмен, балалықпен байланысты жылы естеліктерді сақтайды. Сондықтан ғимараттың көпшілікке таныс келбетін сақтай отырып, оған жаңа өмір беру маңызды болды, — деп атап өтті Кристина Бекмурзаева.

Жоба авторлары Жастар үйін жастардың идеялары мен жаңа жобалары жүзеге асатын белсенді орталық ретінде дамытуды көздейді.Қазір жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button