Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт

«Шахтер» U21 қарсыласын 5:0 есебімен ойсырата жеңді

Қарағандының «Шахтер» U21 командасы кезекті кездесуінде «Жетісу» U21 футболшыларын ірі есеппен жеңді. Қарағандылықтар бес гол соғып, алаңнан 5:0 есебімен жеңімпаз атанды.

Суреттер Шахтер командасының ресми парақшасынан

Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ «Шахтер» жасөспірімдері белсенділік танытып, шабуылда бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырды. Ойынның 34-минутында Алихан Исраилов есеп ашып, командасын алға шығарды.

Бірінші таймның соңына қарай қарағандылықтар шабуыл қарқынын күшейте түсті. 39-минутта Максим Холод мергендігімен көзге түссе, 54-минутта Данил Литвиненко есепті 3:0-ге жеткізді.

Екінші таймда да «Шахтер» U21 басымдығын сақтап қалды. 61-минутта Данил Литвиненко тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды. Ал кездесудің 79-минутында Глеб Макридов қорытынды есепті белгіледі — 5:0.

Screenshot

Осылайша, «Шахтер» U21 сенімді жеңіске жетіп, жас футболшылар арасындағы бәсекеде жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button