Жаңалықтар
Теміржолшылар күніне орай мерекелік кеш өтті
Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығының алаңында Теміржолшылар күніне арналған «Жаз ырғағында» атты караоке элементтері бар музыкалық бағдарлама ұйымдастырылды.

Мерекелік кеш барысында қатысушылар сүйікті әндерін орындап, көпшілікпен бірге көтеріңкі көңіл күйде уақыт өткізді. Көрермендер де танымал әндерге қосылып, өнерпаздарға қолдау көрсетті.

Шара соңында ұйымдастырушылар мерекенің басты мақсаты – теміржол саласы қызметкерлерінің еңбегіне құрмет көрсету және тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау екенін атап өтті.
Бағдарлама жарқын әсерге толы мерекелік атмосферада аяқталды.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



