Бұқар жырау ауданының балуандары бәрінен басым түсті
Ауыл спортшыларының Қарағанды қаласында өтіп жатқан облыстық жазғы спартакиадасында Бұқар жырау ауданының балуандары командалық есепте бірінші орын алып, бәрінен басым болды.

Қазақ күресінен боз кілемге шығып, сынға түскен бұқаржыраулық балуандардың арасынан Шәкәрім Әлім 55 кг., Гүлболат Серікбек 90 кг., Әзімхан Әсет 100 кг., Уатхан Омар 100 кг. жоғары салмақ дәрежелерінде қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. Ал Мадияр Дүйсенбеков 60 кг., Болысхан Ернат 82 кг. салмақ дәрежесінде екінші орын алса, Бақтияр Асқаров 66 кг., Манарбек Құрманов 74 кг. салмақ дәрежелерінде үшінші орынға табан тіреді.
Жалпы осы спартакиадаға қатысқан облыстың жеті ауданының балуандар командаларының бәрінен басым болған Бұқар жырау ауданының балуандар командасы облыс чемпионы атанды.
Бұл балуандарды осы бәсекеге дайындаған жаттықтырушылары қазақ күресінен спорт шеберлері Абай Үмітбаев пен Ерлан Сағитов болатын.
Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы



