АймақБас тақырып
«Қарағанды Жарық» тәулік бойы кеңес беретін Call-орталықтың қызметін күшейтті
«Қарағанды Жарық» компаниясы тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығының қызметін еске салды. Тұтынушылар компанияның Call-орталығына 8 (7212) 50-60-70 нөмірі арқылы тәуліктің кез келген уақытында хабарласа алады.

Бұл нөмір арқылы электр есептегіштерін тексеру, техникалық қызмет көрсету, пломбалау немесе ажырату бойынша өтінім қалдыруға мүмкіндік бар. Сондай-ақ электр желілеріндегі жоспарлы жұмыстар мен апаттық ажыратулар кезінде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру мерзімі туралы ақпарат алуға болады.
Сонымен қатар, Call-орталық мамандары өтінімдердің орындалуын бақылап, жөндеу бригадаларының жұмысын үйлестіреді және электрмен жабдықтау мәселелері бойынша кеңес береді.



