АймақБас тақырып

Қарағанды облысында 18 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қарағанды облысында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жалғасуда. Биыл өңірдегі 18 мектепте күрделі, 124 білім беру ұйымында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық жұмыстарды 1 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған. Бұл жайлы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Сурет облыстық білім басқармасынан

Күрделі жөндеу аясында мектептердің шатырлары, терезелері, инженерлік желілері, жылу және желдету жүйелері жаңартылып, спорт залдары мен асханалар жөнделеді. Сондай-ақ мектеп аумақтары абаттандырылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында пандустар, тактильді жолақтар орнатылып, санитарлық тораптар бейімделуде.

Сонымен қатар, өңірде білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы жаңартылып жатыр. Өткен оқу жылында химия, биология, физика, STEM және робототехника бағыттары бойынша 78 заманауи пәндік кабинет орнатылып, мектептердің жабдықталу деңгейі 85 пайыздан 91 пайызға дейін өсті.

Жаңа мектептердің құрылысы да жалғасуда. Қарағанды қаласында №44 мектептің орнына 300 орындық жаңа білім ордасы салынып жатыр. Бұдан бөлек, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Қарағандыдағы «Жаңа аудан» шағынауданында, Бұқар жырау ауданындағы Доскей ауылында, Нұра станциясында және Үштөбе ауылында төрт мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Жалпы, жаңа білім беру ұйымдары 2 400 оқушыға арналған.

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button